13 Нау 2023
Жаңалықтар

«Тіл – ұлт байлығы, халық қазынасы»

2023 жылдың 6 наурызында «Нұр-сәби» балабақшасында «Қазақ тілі - Мәңгілік ел тұғыры» атты қазақ тілі апталығының салтанатты ашылуы өтті. Мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері ұлы дала мен бай қазақ тіліне арналған өлеңдерін оқыды. Апталық аясында қазақ тілі мен ұлттық мәдениетін тереңірек меңгеруге мотивация туғызуға, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған қызықты іс-шаралар өткізілді. Қазақ тілі апталығының бағдарламасы жан - жақты және қызықты болды. «Тілдер әлемінде» кітаптар көрмесі, «Өнер алды – қызыл тіл!» қазақ тілін білуге ​​арналған зияткерлік марафондар ұйымдастырылып, балабақша тәрбиеленушілері тілді жақсы меңгергендерін көрсетті. Қазақ тілі апталығы «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері» атты бақшалық шарамен аяқталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар